$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 16 отбасының пəтері өртеніп кетті

Алматыда барақ типтес үй өртенді. Салдарынан бір адам қаза болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД бспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады. 

Түнгі сағат 01:11-де кезекші пультіне Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесі 12 мекенжайындағы үй өртеніп жатыр деген хабарлама түскен. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, өрт ауданы 1000 шаршы метрге жеткен. Қызыл жалын 16 отбасының пəтерін зақымдады. Оқиға орнында 14 техника мен жеке құрамның 100 қызметкері жұмыс істеді. Қызыл жалын таңғы 05:46-да ауыздықталды. 
Өрт сөндіру кезінде 1952 жылы туылған Захаров деген азаматтың мүрдесі табылған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары