Шымкентте 40 жастағы азаматша 5-ші қабаттан секіріп кетті. Өмір мен өлім арасында жатқан әйелге дәрігерлер күрделі ота жасамақ деп хабарлайды NUR.KZ.
Сұмдық жағдай 27 тамыз күні сағат 12-лер шамасында Терешкова көшесіндегі №18 көп қабатты үйдің алдында болған.
Сол маңда болған куәгерлердің айтуынша, әйел бесінші қабаттан секіріп кеткен. Суицид жасамақшы болған азаматшаны жедел жәрдем қызметі бірден ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлердің айтуынша, бесінші қабаттан секіріп кеткен азаматшаның жағдайы ауыр. Ауруханада өлім мен өмір арасында жатқан әйелге дәрігерлер күрделі ота жасамақ.
"Жағдайы өте ауыр. Бас ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Қазір жасанды аппараттың көмегімен дем алуда. Ес-түссіз жатыр. Қазір науқасты отаға дайындап жатырмыз", - дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.
Бұл суицид жағдайы бойынша Шымкент қалалық Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Азаматшаның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр.