27.08.2018, 12:53

«Әпкесімен ұрысып қалған»: Қостанай облысында 14 жастағы жеткіншектің неліктен 9-қабаттан секіріп өлгені анықталды

Қостанай облысында төтенше жағдайлар қызметі жеткіншек қыздың 9-қабаттан не себепті секіріп кеткенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Есте болса, осыдан бірер күн бұрын жасөспірім 9-қабаттан секіріп қайтыс болған еді. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға жеткенше тірі болған. Алайда, өмірін аман алып қалу мүмкін болмапты.

“25 тамызда 9-қабаттан жас қыздың терезеден секіріп кеткенін туралы хабар түсті. Ол әпкесімен жанжалдасып қалғандықтан өзіне қол салу ұмтылған. Ауруханаға жетер жолда мерт болды”, – делінген Төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жеткізілді.