28.08.2018, 03:43

Түркістан облысында үйі өртенген отбасы 11 баласымен контейнерде тұрып жатыр

Түркістан облысы Шардара ауданында алты бөлмелі үйі өртеніп кеткен отбасы 11 баласымен контейнерде күнелтіп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Андрейдің айтуынша, Байсейітов көшесінің бойындағы өрт 19 тамыз күні орын алған. Бұл уақытта Андрей де, әйелі де жұмыста болыпты.

Андрейдің 25 жастағы тұңғышы үйден құжаттар мен бауырларын шығарып үлгерген.

Құзырлы органдар Андрейге отбасымен уақытша жатақханада тұруды ұсынған.

Алайда олардың үй жануарлары болғандықтан, өз жерлерінде қалуды дұрыс деп тапқан.