$ 443.37  474.49  4.83

Қостанай тұрғыны гүл сататын дүкеншіні тонап кетті

Қостанайлық тұрғын гүл сататын дүкеншіні бөтелкенің сынығымен қорқытып, ақша мен ұялы телефонын тартып алған деп жазады alau.kz.

Оқиға 22 тамызда сағат 01.40 шамасында болған.

«Ер адам дүкеннің терезесін қағып  раушангүл сатылымда бар-жоғын сұраған. Өзіне біреу сатып алатынын айтады.  Дүкенде гүл болмағандықтан сатушы іздеп басқа жаққа қарай кеткен. Осы кезде күдікті дүкенге ашық терезе арқылы кіріп, сатушыға бөтелкенің сынған басымен сес көрсеткен», – дейді Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

21 жастағы зардап шегуші қорыққанынан қолында бар 12 400 теңге ақша мен 54 000 теңге болатын ұялы телефонын берген.

Қостанай облыстық ІІД-і қызметкерлерінің  жедел іздестіру барысында және жол полициясының түнгі патрульдеу кезінде 36 жастағы күдікті ұсталды. Оның Қостанай облысының жергілікті тұрғыны екені, осыған дейін сотталғаны анықталған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол Рудный қаласындағы уақытша изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары