28.08.2018, 05:50

Астанадағы жәрмеңкеге қостанайлық шаруалардың өнімдері әкелінеді

1-2 қыркүйекте Елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Республика аймақтарының қатысуыменауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2 күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорыны ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден астам өнім сатылады: мал етінің барлық түрлері – 50 тонна, сүт өнімдері – 35 тонна, шұжық өнімдері және жартылай дайындалған өнімдер – 20 тонна, жарма және макарон өнімдері – 30 тонна, қартоп және көкөністер – 60 тонна, нан және кондитер өнімдері – 20 тонна, жұмыртқа – 20 тонна, ұн – 50 тонна, және тағы басқа.

Барлық өнім Астана қаласы сауда орындарындағы бағалардан төмен сатылады. Жәрмеңкені өткізу орны «Қазақстан» спорткешені (Мұнайтпасов көш., 9) алаңы.