$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 1 қыркүйекте 49 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Қазақстанда 49 жаңа мектеп биылғы оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын екенін Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Stan.kz.

«Мектеп құрылысы ел Президентінің жаңа оқу орындарын құру және мектепті үш ауысымда қалдыру міндеттемесінің жүзеге асырылды. 2018 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 53 млрд теңгеге 110 мектеп салынды. Биылғы жылы 72 мектеп пайдалануға берілуде, оның ішінде 49 мектеп 1 қыркүйекте оқушыларға өз есігін ашады. Осы жылдың соңына дейін тағы 23 оқу орны пайдалануға беріледі», – делінген хабарламада.

Хабаламаға сүйенсек, биылғы жылы Ақтөбе облысында 3 мектеп, Ақтөбе облысында – 9, Алматыда – 6, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 3, Қарағанды облысында – 3, Қызылорда облысында – бес, Маңғыстауда – сегіз, Түркістанда – 20, Алматыда – жеті және Астана – үш мектеп, яғни жалпы саны 72 оқу орны пайдалануға беріледі.

«2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында мектептердің құрылысына 135 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 108 жаңа мектеп тұрғызуға мүмкіндік берді. 3 жылдың ішінде республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен 347 жаңа мектеп салынды. Яғни 235 мектеп салу жоспары 147%-ға орындалды», – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары