Өзбекстанда биіктеу жерде тұрақта тұрған КамАЗ-5410 жылжып кетіп, бес адамды басып қалды, үшеуі қаза тапты деп хабарлайды Өзбекстан ішкі істер министрлігі.
uz24-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға Сурхандарья облысы Байсун ауданында болған. Жүк көлігі Кизирик ауданы тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Бастапқы болжам бойынша, қол тежеуіші салмағы 15 тонна КамАЗ-ды ұстап тұра алмаған екен, оның үстіне көлік тұрақта тұрған жер сәл биіктеу болған.
Оқиғаның анық-қанығы тергеліп жатыр.
Дереккөз: Sputniknews.kz