$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Астанаға Ақтөбенің сыйға тартқан «Бейбітшілік қабырғасын» ашты

Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу салтанаты өтті. Монументті елорданың 20 жылдығына орай Ақтөбе қаласы сыйға тартты деп жазады Қазақпарат.

Монумент Тәуелсіздік алаңына «Қазақ елі» монументіне жақын маңға қойылды.

«Әлем. ХХІ ғасыр» антиядролық манифестінің идеясы негізінде салынған монументтің ашылу салтанаты 29 тамыз – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне сай келді.

Кешен үш бөліктен құралған, бірінші бөлігі – бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі – үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Ұзындығы – 111 метр, ені – 18,4 метр, биіктігі 17,5 метр.

Мемориалға 51 тілде «Бейбітшілік» сөзі жазылған. Сонымен қатар мұнда LED-жүйе арқылы кез келген сандық дүниені тарата алады. Осы себепті түрлі шараларды, лазерлік және басқа шоуларды өткізуге болады.

«Бейбітшілік қабырғасының» құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Ол Ақтөбе облысындағы «ERG», «Қазмұнайгаз», «BIGroup», «Ақтөбесәулет» ЖШС, «Астана-Дострой» ЖШС, «БабекҚұрылыс» ЖШС және тағы басқа компаниялар мен кәсіпкерлердің қаражатына салынды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары