Египет астанасында қазақстандықтар мінген автобус аударылып қалды деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Қоғамдық көлікте барлығы 22 қандасымыз болған.
Оқыс оқиға 29 тамыз күні таңғы 04:30 шамасында Хургада-Каир тас жолында болған. Каирдегі экскурсияға аттанған автобус қалаға жақын маңда аударылып қалды. Оның салонында Қазақстаннан барған 22 турист болыпты.
Жол апаты салдарынан 2 отандасымыз түрлі дене жарақаттарымен Рас-Гариб елдімекеніндегі ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Қазіргі таңда Қазақстанның Египеттегі консулының араласуымен қос азамат Хургададағы "Әл-Мысри" ауруханасына жеткізілгелі жатыр. Оларға онда толыққанды медициналық көмек көрсетілетін болады.
Ал, өзге отандастырымыз дін-аман. Олар Хургадаға қайта оралып, өз қонақ үйлеріне жайғасты.