$ 444.32  473.33  4.76

ШҚО-да құстың жұмыртқасындай бұршақ жауды (ВИДЕО)

Жаздың соңғы күндерінде ШҚО-дағы Зубов ауылына құстың жұмыртқасындай болатын бұршақ жауды деп жазады Үk-news.kz

Куәгерлердің айтуынша, толассыз жауған жаңбырдың арты бұршаққа айналыпты. Мұндай табиғи құбылысты көп уақыттан бері көрмеген тұрғындар тіпті, бақшадағы көкөністерін теріп те үлгермеген. Жауған бұршақ бәрін бүлдіріпті.

«Мен гаражға көлігімді қойып үлгердім. Үйге қалай кірдім солай, тырсылдатып бұршақ жауа бастады», – дейді ауыл тұрғыны.

Синоптиктер ШҚО-да ауа-райының бұзылатынын алдын-ала ескерткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары