Атырауда түнгі уақытта жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан үш бойжеткенді жеңіл автокөлік қағып кетті. Қыздардың біреуі қайтыс болды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға орталық Сәтпаев даңғылын кесіп өтетін жаяу жүргіншілер жолында болған. Үлкен жылдамдықпен құйғытып келе жатқан автокөлік тоқтап тұрған көліктермен соқтығыспас үшін жаяу жолаққа қарай бұрылып кеткен, сөйтіп сол жерде 1995 жылы туылған үш қызды қағып кетеді. Олардың біреуі оқиға орнында жантәсілім етті. Қалған екі қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат