$ 494.87  520.65  4.91

Вице-министр РФ-дан бензин әкелуді неліктен шектегенін түсіндірді

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейден бензин әкелуді уақытша шектеу себебін түсіндірді деп жазады ҚазАқпарат.

«Еуразия экономикалық одақ аумағында ортақ мұнай және газ нарығы 2025 жылға қарай құрылатын болады. Бүгінгі күні мұнай өнімдерін сатуда біз екі жақты негізде жұмыс істеудеміз. Жыл сайын  бажсыз алынатын мұнай өнімдерінің көлеміне арналған  индикативтің теңгерімге қол қоямыз. Биылғы жылы біз Ресейден 1,1 миллион тонна бензин импорттауды жоспарлап отырмыз. Дегенмен бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша осы көлемді қарқынды  түрде игердік. Сондықтан да үш айлық мерзімге уақытша шектеулер енгізілді»,-деп хабарлады вице-министр.

Сондай-ақ ол осы уақытша шектеудің ресейлік серіктестермен келісілгендігін атап өтті.

«Ешқандай проблемалар мен қиындықтар жоқ. Бұл жұмыс процесі. Атырау және Павлодар зауыттарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін бізде бензин өндірісі артқандығын айта кету қажет»,-деді М. Мырзағалиев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары