$ 448.15  483.46  4.86

Синоптиктер қыркүйектің алғашқы күндерінде үсік жүретінін ескертті

Синоптиктер солтүстік өңірдің тұрғындарына үсік жүретіні туралы ескерту жасады деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.

«1-2 қыркүйек түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 2-3 қыркүйек түнде Қарағанды облысында, 3 қыркүйек түнде ШҚО-ның кей жерлерінде 3 градусқа дейін суытады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Астанада 1-2 қыркүйек түнде 2 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ, 31 тамызда СҚО-да секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, жауын-шашын болады. Түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары