$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар-Астана электр пойызында жолаушы көз жұмды

Павлодарға бара жатқан электр пойызында 79 жастағы қария көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.

«Астанадан электр пойызымен оралдым. Көрші вагонда бір атай өмірден озды. Вокзалда дәрігерлер күтіп тұрды. Атайдың Павлодарға 20 минуттай қалғанда жаны үзілді», - деп жазды жолаушылардың бірі Әлия Әлмұхамбетова әлеумттік желідегі парақшасында.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы Астана-Павлодар электр пойызының 1939 жылы туған жолаушысы қайтыс болғанын растады.

«Ер адам ишемиялық жүрек ауруынан зардап шеккен. Оның қолқасының тамырлары шунтталған», - дейді басқарма баспасөз қызметінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары