$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда комиссияны сылтауратып ақша алған полицей 5 жылға сотталды

Қарағандыда полиция қызметкеі Астанадан келетін комиссия үшін деп 50 мың теңге заңсыз алған. Полицейдің кінәсі дәлелденіп, 5 жылға сотталды, деп жазады Stan.kz.

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды-Сұрыптау станциясының ІІЛБ басшысының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарына қатысты Қарағанды облыстық сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

Ол қарамағындағы қызметкерлердің бірінен Астанадан келетін комиссияны күту сылтауымен 50 мың теңге көлемінде қаражатты заңсыз алды деп айыпталды. Айыпталушының кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, полиция подполковнигі лауазымынан айырылды. Ал, жәбірленушілерге 50 мың теңге өтемақы төлеу міндеттелді. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Істің тергелуін және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды Қарағанды көлік прокуратурасының процесс прокуроры іске асырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары