10.08.2015, 04:16

Иранның астанасы ауысуы мүмкін

forbes.kz

Иранда астананы Тегераннан басқа қалаға көшіру туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Бұл мәселені ел парламенті 2013 жылғы желтоқсан айында қызу талқылаған кезде, 110 депутат қолдап, 97 адам қарсы шыққан болатын. Содан кейін бұл мәселе «жабулы қазақ жабулы күйінде» қалған болатын. Алайда ел президенті Роухани 20 жылдан бері сөз болып келе жатқан астананы көшіру идеясын қолдайтын көрінеді.  Бұл туралы Иран сыртқы істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли журналистерге берген сұхбатында айтты. «Заң шығарушылар астананы Тегераннан басқа жерге көшіру жөніндегі ұсынысты қолдады. Әзірге жобаның қаржылық мүмкіндігі анықталған жоқ», – деді Рахмани Фазли. Ал Иранның парламент істері жөніндегі вице-президенті Маджид Ансари бұл идеяны өміршең емес деп есептейді. Ол қаржылай қиындықтар салдарынан Тегераннан барлық мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық орталықтарды көшірудің мүмкін болмайтын алға тартады. Айта кетейік, бір өзінде 8,3 млн., айналасында 14 млн. халық тұратын Тегеран Орта Шығыстағы ең ірі қала болып табылады.