$ 498.34  519.72  4.85

Мәскеуде чемоданнан жас қыздың мәйіті табылды

Мәскеудің оңтүстік-шығысында чемодан ішінен жас қыздың өлі денесі табылды деп жазады РИА Новости. Бұл туралы журналистерге Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова мәлімдеген.

"31 тамыз күні Мәскеудің оңтүстік-шығысында Кремльдік курсанттар аллеясында жаяу жүргіншілердің бірі чемодан тауып алған. Чемоданның ішін ашып көргенде жас шамасы 18-25 аралығындағы қыздың мәйіті табылған. Марқұмның денесінде азаптаудың белгілері табылмады. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның неден өлгенін анықтайтын боламыз. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Юлия Иванова.

Оқиға орнында куәгерлер мен тергеушілер және криминалды полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. олар қайтыс болған қыздың кім екенін анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары