Астанада көлік салығы бойынша қарызы бар жүргізушілер жол жүру барысында анықталады деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Жоба Астанадағы «Сергек» бағдарламасымен интеграциялау арқылы пилот нұсқада жүзеге асырылады. Қарызы бар адам туралы ақпарат жақын маңдағы жол полициясына жіберіледі. Көлікті тоқтатқаннан кейін инспектор салық төлемеген адамға POS-терминал арқылы қарызын төлеу мүмкіндігі туралы ескерту береді.
Еліміздің бірқатар өңірінде ұқсас жүйелер бар, салық жинау үлесін ұлғайту үшін осыған ұқсас жобаларды іске асыру ұсынылып отыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz