$ 498.34  519.72  4.85

Халықаралық саудада доллардың үстемдігін жою қажет – Режеп Тайып Ердоған

Режеп Тайып Ердоған Қырғызстанда өтіп жатқан бизнес форумында Түркиядағы экономикалық жағдайдың қиындағанын мәлімдеді. Ол халықаралық саудада АҚШ ваютасының үстемдігін жою керек екенін айтты.

«Түрік лирасын құнсыздандыру – Түркия экономикасының мықты екендігіне шүбә келтіру. Халықаралық саудада доллардың үстемдігін жою қажет», – деді Ердоған басқосуда.

Әсіресе, жаз айында туриске лық толатын Түркияның базарларында дәл қазір сауда қызып жатыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикасына теріс әсерін тигізуде.

Айта кетейік, АҚШ салған санкциядан кейін түрік валютасы соңғы 1 айда 40 пайызға дейін құлдырады. Түрік лирасын тірілту үшін аянып қалмаған Ердоған 2 апта бұрын Катар орталық банктерімен валюта айырбастау бойынша екіжақты келісімге қол қойған еді. Енді Катар Түркияға 15 миллиард доллар инвестициялайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары