$ 484.11  528.79  5.03

Мұхтар Әбілязовке қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

ҚР Бас прокуратурасы «БТА банкі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Тәтішовті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша Мұхтар Әбілязовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады деп жазады Stan.kz.

«2018 жылдың 17 тамызында Әбілязовтің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағы, 96 бабының 2 тармағы «ж, з» тармақшалары бойынша сараланды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодексінің 294-бабына сәйкес, күдікті Әбілязов пен оның қорғаушыларына тергеу іс-қимылдары өндірісінің аяқталғанын және қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғанын хабарлайды», – делінген таратылған ақпаратта.

ҚР Қылмыстық-ппроцестік кодексінің 296-бабына сәйкес, күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы.

Қылмыстық іс материалдарымен танысу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдік ғимаратында 2018 жылғы 5 қыркүйекте мына мекен жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 145 үй.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары