$ 481.84  531.33  5.07

Көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы алтынды қоржынға салды

Шолпон-Ата (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальге қол жеткізді деп хабарлайды Baq.kz.

Армрестлингтен әйелдер арасында 75 келі салмақ дәрежесінде (сол қол) Оксана Писменная көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Осы салмақтың күміс жүлдесі венгриялық Бригитта Иванфиге бұйырды. Ал үшінші орынды қырғызстандық Гүлнар Сарсенбайқызы еншіледі.

Армрестлинг бәсекесіне әлемнің 17 елінен 70-тен астам спортшы қатысуда.

Көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек арасында Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өтеді. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-ға жуық спортшы атлеттер келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары