$ 494.87  520.65  4.91

Балаларынан бас тартқан: Қостанайда 18 ата-ананың үстінен әкімшілік іс қозғалды

Қостанай облыстық ювеналды полиция қызметкерлері «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасын өткізді деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы басталған осы апта ішінде 236 жасөспірім ІІД қызметкерлерінің назарына ілікті. Оның ішінде 192 жас әкімшілік заңбұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта көшеде жүрген басқа балалар да тексерілді.

«Балаларын тәрбиелеуден бас тартқан 18 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы, рейд барысында кәмелет жасына толмаған 173 бала түн уақытында ата-анасының бақылауынсыз қыдырып жүрген. Бұған қоса, жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі сатқан 11 ересек адамға айыппұл салынды», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 27 бала тіркеуге алынды. Тексеру барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге облыстық білім басқармасының мамандары да болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары