АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Томз-Ривер елді-мекенінің полициясы көшеде қатты жылдамдықпен жүріп қолынан айырылған мотоциклшінің қолын 2 күн бойы таба алмады деп жазады NJ.com.
30 тамызда таңертеңгі уақытта 36 жастағы Рональд Вэнерсдейл бірнеше мотоциклшімен бірге қалада жарысқан. Алайда ер адам мотоциклді басқара алмай, апатқа ұшырады. Ол апат орнынан 90 метр, ал мотоцикл 230 метр қашық жерге ұшып түсіпті.
Апат кезінде Вэнерсдейлдің қолының шынтағынан төменгі бөлігі жұлынып кеткен. Оқиға орнына дер кезінде келген полицей ер адамның қолына бұрау салып, аман алып қалған. Артынша мотоциклші арауханаға жеткізілген. Ол әлі де ауруханада емделіп жатыр. Ал полиция ер адамның қолын іздестіріп жатыр.
Мотоциклшінің жұлынып кеткен қолы із-түссіз жоғалып кеткен. Полицейлер барын салғанымен, апат орнынан қол табылмады. Өз кезегінде полиция тұрғындарды Вэнерсдейлдің қолын тауып алған жағдайда, қайтарып беруге шақырды.
Сонымен қатар мотоциклшінің қолын іздестіруге су астын тексере алатын полицейлерді қоспақ.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та ер адам өз аяғын қуырып, онымен достарын тамақтандырған еді.
Дереккөз: Stan.kz