$ 498.34  519.72  4.85

Пара алды деген күдікпен ұсталған павлодарлық шенеунік 2 айға қамауға алынды

100 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталған Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байқұрмановты 2 айға қамауға алу санкцияланды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Департамент басшысын 3 қыркүйек күні өңірдің тергеу соты 31 қазанға дейін тергеу изоляторында ұстау туралы санкция берді.

«Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі (Қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара алу) бойынша басталған болатын», - делінді сотта.

Мемлекеттік үш қызметкер үстіне «Заман» компаниялар тобының жетекшісі Тасболат Абғожинов арыз түсірген. Содан кейін іске Ұлттық бюро өкілдері араласқан.

Күдікті тергеу сотында өз кінәсін мойындамады. Адвокаты 20 миллиондық үйін кепілге қойып шығуын сұрағанымен сот оны қанағаттандырмады.

Еске салайық, Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментін бір жылдан бері басқарып келген Ернұр Байғұрмановтың бұған дейін пара алып ұсталғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары