Астанада маса шағып қайтыс болған 28 жастағы семейлік келіншектің күйеуі оқиғанын мән-жайын айтып берді деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мақпал Еспенбетова қаралу үшін Астанадағы №1 қалалық ауруханаға барған. Ондағылар аллергияға қарсы «Преднизолон» препаратын егіпті. Өйткені келіншектің аллергиясы бар екен. Соның кесірінен есінен танып қалған ол ойламаған жерден жүрегі тоқтап қалған. Марқұмның отбасы болса, қайғылы жағдайға дәрігерлерді кіәлап отыр.
«Ол ауруханаға өз аяғымен барды. Дені сау еді. Мен сол күні-ақ АІІБ-ге барып, дәрігерлерге шағым түсірдім. Менің ойымша, дәрігерлер немесе қабылдау бөлімінде отырған қызметкер абайсызда басқа дәріні салып жіберген», – дейді марқұмның күйеуі Роллан Еспенбетов.
Ал Денсаулық сақтау министрлігі тайлы-тұяғымен қалмай бұл жағдайға қатысты толыққанды тексеріс бастап кеткен. Тексерудің басында министр Елжан Біртановтің өзі тұр. Яғни марқұмның терісі мен екпеге қолданылған ампула және препараттың улылығына дейін түгел қарамақ.
«Бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдары мен Денсаулық сақтау министрлігі тексеруді бастап кетті. Жағдайды жеке бақылауымда ұстаймын. Өкініштісі, анафилактикалық шоктан ешкім сақтандырылмаған. Бірақ бекітілген стандарттарға сай толыққанды көмек көрсетілуі керек болатын. Не болғанын анықтап, ақпаратын береміз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.