04.09.2018, 04:32

Анамды емдеуге көмектесіңіздерші: Оқушының жан тебірентер жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Волгоград қаласында тұратын оқушының науқас анасына шарқұрып дәрі іздеген жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады РИА Новости.

6-сынып оқушысы инсульт алған анасына қажет «Нимотоп» деген дәріні таппай жүргенін жазып, қағазды көшелерге іліп кеткен.

«Құрметті тұрғындар! Рақымсыз болмауларыңызды өтінемін. Анама «Нимотоп» деген дәрі қажет. Тапсаңыздар мына нөмірге хабарласыңыздаршы», – деп байланыс нөмірін қалдырған.

Науқас әйелдің үлкен ұлының айтуынша, анасының жағдайы қазір бірқалыпты. Шешесі үшін шарқұрған кіші ұлы сабақтан бас алмайды екен.