$ 481.84  531.33  5.07

Астанадағы перзентханада босанып жатқан әйел көз жұмды

Астанадағы №1 қалалық перинаталдық орталықта жыл басынан бері төртінші әйел көз жұмды. 1 қыркүйекте 35 жастағы әйел босану кезінде қайтыс болып кеткен. Ал, нәресте аман. Осындай жаға ұстарлық жағдайдайдан кейін де дәрігерлер мен шенеуніктер еш ақпарат бергісі келмей отыр. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

1 қыркүйекте босану кезінде көз жұмған Әлфия Спабекованың сәбиі аман қалған. Бүгінде шілдехана жасаймыз деп отырған отбасы бір-ақ күнде аяқ астынан қара жамылды. Олардың айтуынша, Әлфия бұған дейінгі 2 баласын босанғанда қиындық болмаған. Осы жүктілігінде де ауру белгілері байқалмай, қиындықсыз өткен. Ал сұмдық жағдай перзентханада басталыпты.

«Ауруханаға барып, ол жерде 4 күн жатты. Бірінші күні ине салды. Екінші күні әні-міне босанады деді. Дәл 1 қыркүйекте балам 1-сыныпқа барған кезде әйелім қайтыс болды», – дейді марқұмның күйеуі Талғат Жолымбеков.

Әлфия босанып жатқан кезде перзентхананың астыңғы қабатында күтіп отырған абысыны оның жағдайы нашарлағанын айтпағанын жеткізді.

«Сағат 7-ден кейін не болғанын біз білмейміз. Сағат 9-да қайтыс болған. 2 сағаттың ішінде не істеді оған? Қиналып бара жатса кесіп алмайды ма баланы? Болмаса өзінің жанын алып қалмай ма?!» – дейді марқұмның жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Алайда №1 қалалық перинаталдық орталықтың өкілдері де, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да мәлімет бермей отыр.

«Мына шырылдаған 2 бала кімге қалды? Кімге тастап кетті оны? Кім оның кінәсін көтереді? Дәрігерлер сол кінәсін көтере аласыздар ма? Қаншама адамның жылағанын көтере аласыздар ма? Мынау не сұмдық?! Аяғымен барған әйелдің өлігін қайтарды», – дейді марқұмның жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Ал мәйітханадан берілген анықтамада Әлфияның өлімінің себебі «Шарананың айналасындағы сұйықтық эмболиясы» ретінде көрсетілген. Десе де бұл тек алдын ала болжам. 3 баланың анасы неліктен көз жұмғаны зертханалық сараптамалар нәтижесінде белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары