$ 494.87  520.65  4.91

ҰБТ-дан 121 балл алған жігіт шаштараз мамандығын таңдаған

Шығыс Қазақстан облысында ҰБТ-дан 121 балл алған жігіт шаштараз мамандығын таңдады.

Шалқар Амангелдинов Аягөздегі қазақ мектеп-гимназиясын 2017 жылы жақсы аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 121 балл алып, ұстаздары мен жақындарын бір қуантқан.

Физика мен математиканы таңдаған жас жігіт бірден Қазақ Ұлттық университетінің механика – математика факультетінің «Автоматтандыру және басқару» бөліміне түсіп, 4 ай оқығаннан соң, бәрін тастап, туған қаласы Аягөзге келіп, шаштараз болып еңбек ете бастады. Қазір сауда орталығының жанынан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығында білдей шаштараз.

Осы мамандықтың қыр-сырына үйрететін «Barbershop» деп аталатын 3 айлық курсты оқып, бұдан соң бір ай Атырауда тәжірибеден де өтіп келіпті деп жазды altaynews.kz.

«Шалқардың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты арманы шаштараз болу еді. Әкесі Қанат екеуміз оның алған бетінен қайтпайтынын білсек те жоғары білім алуына барлық жағдайды жасаған едік, енді амал жоқ»,-дейді анасы Айгүл Бураханова.

Ал Шалқардың ойы бөлек.

«Қазір жоғары білім алып, дипломын сандыққа салып қойып жүрген қаншама аға-апамызды көріп жүрміз ғой. Менің ойымша осының бәрі мамандық таңдауда жіберілген кемшіліктердің салдары. Ата-ана перзентінің не нәрсе қолынан келетініне, нені таңдайтынына мән бермейді. Мен өзім сүйетін мамандықты таңдадым. Маған күнделікті еңбегіме берген ақы емес, өзім сүйген мамандығымнан алған ләззатым қымбат»,-деп түсіндірді 19 жастағы жас жігіт.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #ҰБТ #Түлек