Қазақстанда доллар курсы бір түнде 1,72 теңгеге өсіп, қазақстандық қор биржасында таңғы сессия қорытындысы бойынша 366,95 теңгені құрады деп хабарлайды Today.kz.
Саудаға KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.
Спот-нарықтағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа курсы бір долларға 366,95 теңгені құрады, сауда көлемі 53 900 мың доллар.
Ресей мен Қытайдың ұлттық валюталары аздап қымбаттаған.
Рубльдің орташа бағамы 5,397 теңге болса, қытай юані 53,72 теңге.