Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің ішінен 50 тас алып шықты. Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен азаматшаның ішіндегі сәбиі мен тасты алып шығу үшін хирургтар бір мезетте екі ота жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Ішінен 50 тас шыққан әйелдің қазіргі жағдайы жақсы. Келіншектің сөзінше, 12 жыл бойы күткен перзентін аман есен босану үшін бәріне шыдаған.
«Ауруханаға түскенде есімді білмейтінмін. Жүкті кезімде ауруым қатты қысқанда талып қала беретінмін. Бірақ 12 жыл бойы күткен перзентімді аман есен босану үшін бәріне шыдадым. Дегенмен ауруым асқынып, ақыр соңы аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтым. Дәрігерлерге рақмет. Мені де, баламды да аман алып қалды. Бұл күнге жеткеніме шүкір», -дейді жас ана Феруза Құлабдуллаева.Бір мезетте өткен екі күрделі отаны Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлерлері сәтті жасап шыққан. Олар алдымен іштегі баланы кесер тілігімен босандырып алған. Кейін әйелдің өтіндегі 50 тасты хирургиялық жолмен алып шыққан.
Ақ халаттылардың біліктілігінің арқасында анасы мен баласының қазіргі жағдайы жақсы.
«Өттегі тастың салдарынан жүкті әйел уланып қалған. Денесінің барлығы сарғайып кеткен. Бұған қоса үш күндей үйінде қатты ауырып жатып қалыпты. Өттегі тас көбейіп денесі сарғайып кеткен. Салдарынан бала уланып, қайтыс боулы мүмкін еді. Шұғыл түрде ота жасап, өмірін аман алып қалдық», - дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөннідегі орынбасары Талғат Шауенов.
Айта кетейік, Феруза Құлабдуллаева ұзақ жылдар күткен перзентіне «Біләл» деп есім беріпті.