Астанадағы №1 перинаталды орталығының бас дәрігері жұмысынан кетті деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
«Тамыз айында дәрігер өз еркімен жұмыстан шығуға арыз жазды. Ол өзі де шыдай алмады. Өте қиын болды оған», – деді Рүстемова.
Сондай-ақ ол акушер-гинекологтардың оқу-жаттығуына 100 миллион теңге бөлінгенін де мәлімдеді.
Айта кетейік, жазда №1 перинаталды орталықта 3 бірдей әйел көз жұмған. 1 қыркүйекте тағы бір ананың қайтыс болғаны белгілі болды.
Дереккөз: Tengrinews.kz