$ 443.37  474.49  4.83

Ата Заңым – айбарым!

«Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі мен қалалық «Еріктілер» клубы және С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң!» тақырыбында кеш өтті.

Аталған іс-шараға жиналғандарды әкімдік өкілі және жоғарыда аталған кітапхана директоры Ғалия Түгелбаева айтулы мерекемен жиналғандарды құттықтады.

Ғалия Өмірзаққызы Қазақстан Республикасының Ата Заңының құрметіне, мән – маңызы, мазмұнына терең тоқталып, кітапханадағы құқық жайындағы әдебиеттерге шолу жасады. Ол «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз – Тәукенің «Жеті жарғысы», жалпы Заң дегеніміз не? тақырыбы төңіргенде жастарға мол мағлұмат берді.

Қалалық «Еріктілер» клубының жетекшісі Ыдырыс Қозыайдаров адам құқықтары мен Ата Заңға әр азаматтың темірқазығы екенін айтып, оны бұлжытпай орындау ең басты парызымыз деп сөзін түйіндеді.

Кеш барысында жыл бойы қаланың қоғамдық – саяси өміріне белсенді атсалысып, әр іс –шараға қолдау танытқандарды Ата Заң мерекесі тұсында арнайы марапаттап, сый – құрмет көрсетті. Тамаша шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары