Тамыз айының соңғы аптасында Ташкент, Әндіжан және Қоқанда діни тақырыпта жазатын кемінде бес блогер ұсталған деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Бас прокуратура мәліметі бойынша, ташкенттік блогерлер Атхам Олимов (Мусанниф Адхам) пен Зиёдулла Кабиров (Зиёвуддин Рахим) "милиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық көрсетті" деп танылған.
Атхам Олимовке 15 тәулік әкімшілік жаза тағайындалды, ал Зиёдулла 10 тәулікке қамалып, оған 184.300 сум (шамамен 23 доллар) айыппұл салынды. Бұған қоса тағы екі блогер – Әндіжан тұрғыны Отабек Усманов пен Қоқан тұрғыны Хуршидбек Мұхаммадрозиков 15 тәулікке қамалған. Тағы бір ташкенттік блогер Миразиз Ахмедовтың тағдыры әзірге белгісіз.