$ 441.44  473.09  4.75

Жақында Астанада күн жылиды

Алдағы үш күнде күн ашық болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қыркүйектің бесінде құбылмалы күн райы сақталып, жауын жаумайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр болады, ал ауа температурасы түнде 8-10 градусы жылы, күндіз 17-19 градус.

Қыркүйектің алтысында құбылмалы ауа райы сақталады, жауын жаумайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр, ал ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 14- 16 градус.

Қыркүйектің жетісі көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 13-15 градус.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары