Түркияға жұбайымен бірге демалуға барған Дарья Васильева күтпеген жерден толғағы қысып, қызы Полинаны сонда босанып қойыпты. Қазір сәби шетелдік емханада жатыр деп хабарлайды 31 арна.
Полинаның ата-анасы қазір Алматыға келді. Енді олар баланы Түркиядан сатып алуға міндетті екен. Қолымызда 120 мың теңге ғана бар деген олар 20 мың долларды қайдан табарын білмей дал. Тіпті баланы қарап жатқан дәрігерлермен байланысу да мүмкін болмай жатыр екен. Тек сәбидің денсаулығы нашар екенінен хабардар.
Полинаның әкесі Иван Васильев Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Анталиядағы Қазақстан елшілігінің түк те көмектеспей, қол қусырып отырғанын айтады.