$ 443.85  474.3  4.8

«Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы тоқтап қалды ма?» Астана әкімдігі жауап берді

Астана әкімдігінің өкілдері «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы тоқтатылды делінген хабарламаларға қатысты пікір білдірді деп жазады Tengrinews.kz. 

Осыған дейін әлеуметтік желілерде қаржы жетіспеушілігіне байланысты нысанның құрылысы тоқтатылды делінген қауесет тараған еді. Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«АЛДАР Евро Азия» ЖШС өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы Қазақстан үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі бекіткен кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, бекітілген кестедегі мәліметке сүйенсек, нысандағы сауда орындары мен қонақүйлерді 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деп хабарлады Эльвира Жүргенбаева. 

Еске сала кетейік, мұның алдында құрылыс компаниясының бас директоры «Әбу-Даби Плаза» құрылысы қашан аяқталатынын мәлімдеген еді. Компанияның бас директоры Элиас М.Диб нысанның құрылысы кезең-кезеңмен жүріп жатқанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары