$ 446.49  475.38  4.79

Ауғанстанда болған жарылыстан Қазақстанда білім алған журналист қаза тапты

Кабул қаласында қатарынан екі мәрте болған жарылыстан кем дегенде 20 адам опат болды деп жазады 24.kz.

Алдымен қаланың батыс бөлігіндегі спорт клубының маңында лаңкес өзін жарып жіберген. Осы кезде бұл орталықта спортшылардың арасында жарыс өтіп жатқан. Көп ұзамай, жақын маңда жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшты. Мерт болғандардың ішінде Tolo News-тың 2 тілшісі бар. Журналист Саид Самим Фарамарз Қазақстанда білім алған. Қазақ тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 7 тілін жетік білетін жас маман еді. Осыдан үш жыл бұрын Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Кейін еліне барып, қызмет істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары