6 қыркүйек күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданында пойыз рельстен шығып кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
«Қазанбасы станциясынан тағы сағат 6:45-те 2 вагонның рельстен шыққаны жайлы хабар түсті. Құрамда барлығы 53 вагон болған», - дейді төтеншеліктер.
Оқиға салдарынан №37 Астана-Маңғышлақ жолаушылар пойызы діттеген жеріне кешігіп жетті.
Жапа шеккендер жоқ. Вагондарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Костанайские новости