$ 483.23  534.74  5.12

Маңғыстау облысында 3 адам қарудан жарақат алды

Маңғыстау облысында 6 қыркүйекте сағат түнгі екі шамасында ауыр хәлде үш жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың денесіне бірнеше рет оқ тиген деп жазады Мой город.

Дәрігерлердің айтуынша, 28 жастағы ер адам төменгі жақсүйек және самайынан жарақат алған. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылыпты. Ал 24 жастағы жігіттің кеуде қуысы мен екі қолына бірдей оқ тиген.

Үшінші 24 жастағы науқастың кеуде қуысы, онымен қоса іш қуысы, аяқ, асқазан тұсы жараланған. Оған шұғыл түрде ота жасалып, қазіргі уақытта науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары