Шымкентте «Газель» жүргізушісі 17 жастағы студент қызды қағып қашып кеткен жеп жазады Otyrar.kz.
Рысқұлов пен Адырбеков көшесінің қиылысында бойжеткенді қаққан жүргізуші көліктен түсіп, қызға «үйіңе жетіп ал» деп 400 теңге беріпті де өзі тайып тұрыпты. Студент жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Жарақаты орташа деңгейде.
Жергілікті полицейлер қазір жүргізушіні іздестіріп жатыр.