$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда күйеуі әйелін тамақ дайындамағаны үшін ұрып тастады

Атырауда күйеуі әйелінің тамақ дайындамағаны үшін қол көтерген деп жазады Мой город.

Жұмыстан үйіне келген Х.Ерғалиев есімді атыраулық ер азамат әйелінің кешкі тамақ дайындамағанын көріп, ашуға булыққан.

«Ер адам әйелінің өзін жұмыстан дұрыс қарсы алмағаны үшін ашуланып, оның бетінен ұрыпты. Сот отырысы барысында жәбірленуші күйеуінің өзіне қол көтергенін кешіре алмайтынын жеткізген. Оған тиісті жаза беруді өтінді», – дейді Атырау облысы, Исатай ауданының баспасөз қызметі.

Ер адам әйеліне қол көтергені үшін әкімшілік жазаға тартылып, 4 тәулікке қамауға алынатын болып шешілді. Алайда, сот шешімі әзірге заңды түрде бекітілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары