$ 481.84  531.33  5.07

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Қыркүйектің 7-сі күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады. Тек елдің солтүстігі мен орталығында аздаған қысымның салдарынан жаңбыр жаууы ықтимал деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның баспасөзі.

Сондай-ақ елдің солтүстік аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте оның соңы шаңды дауылға ұласады. Түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Қызылорда облысында, таң ата және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қызылорда облысында желдің соңы шаңды дауылға ұласады.

Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде және Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында өртке қауіпті жағдай сақталады.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары