$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы «АрселорМиттал Теміртау» металлургтерімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев қара металл прокатын шығаратын Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындардың бірін аралап көрді деп хабарлайлы Ақорда.

Елбасы сұрыпты прокат өндіру технологиясымен және металлургия комбинатын одан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына ЖЭО-1 және ЖЭО-2 орталықтарын қайта жөндеу жоспары, сондай-ақ өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шешімдер туралы баяндалды.

Елбасы кәсіпорынның еңбеккерлерімен кездесіп, әңгімелесті.

– Қазір зауыт аумағында бойымды ерекше бір сезім баурап алды. Мен мұнда алғаш рет 1958 жылы кірген едім. Ол кезде бұл жерде ештеңе болған жоқ. Барлығы менің көз алдымда салынды, – деп Қазақстан Президенті еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев комбинат металлургтары мен еңбеккерлерінің жұмысы ауыр екенін атап өтіп, Теміртау қаласы мен зауытқа қатысты жағдайды үнемі өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Әңгіме барысында Елбасы компания басшылығына қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту жолында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі зор екенін ескертті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы қалада медициналық, білім беру және спорт нысандарының санын көбейту қажеттігін атап өтті.

Зауыттың еңбек ұжымы өкілдері Қазақстан Президентінің бастамаларына және елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары