$ 443.35  475.54  4.82

Қытай төрағасы Назарбаевты өзінің жақын досы екенін айтты

Астанада басталған Қазақстан-Қытай бизнес форумында Қытай төрағасы Си Цзиньпин бейнеүндеу жолдады деп жазады Sputniknews.kz.

Қытай төрағасы екі ел бизнесмендерін форумның ашылуымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. 

«Құрметті президент Назарбаев, қымбатты достар және қонақтар! Биыл «Бір белдеу – бір жол» идеясына бес жыл толып отыр. Президент Назарбаев – менің жақын досым. Ол маған бизнес форум өткізуді ұсынды. Мен бұл идеяны толығымен қолдаймын және жоғары бағалаймын. Осы сәтті пайдаланып, барлығын бизнестің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Президент Назарбаевқа ризашылығымды білдіремін», — деді Си Цзиньпин форум барысында. 

Ол «Бір белдеу – бір жол» идеясы осыдан бес жыл бұрын, Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында туғанын атап өтті.

Айта кетсек, іскерлік шараға екі елден шамамен 400-дей өкіл қатысып, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады және өзара қарым-қатынас нәтижелерімен алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары