07.09.2018, 11:56

Астана әуежайының жөндеу жұмыстарына байланысты қыркүйектің 10-ы мен 21-і аралығындағы рейстердің уақыты ауысты

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу, қону рейстерінің уақыты ауысты деп жазады NewTimes.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қыркүйектің 10-ы мен 21-і аралығында сағат 9-дан 13:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай түске дейінгі рейстер тоқтатылады.

Толық ақпаратты +7 (7172) 702 999 нөмірі арқылы білуге болады.