Алматыда әйел адам өрт кезінде екі сәбиді аман алып қалды деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
6 қыркүйек күні Алматыдағы «Ақсай-4» шағын ауданында 9 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты.
Өрт сөндірушілер келгенше көрші әйел бір жарым жасар және 7 жастағы сәбилерді өлімнен алып қалды. Абырой болғанда, балалар отырған пәтердің есігі жабық болғанымен құлыпталмаған болып шықты. Подъезден күйіктің исін сезген Бейбіткүл Ыдырысова бетін үйге киетін халатымен бүркемелеген күйінде, түтін басқан пәтер ішіне кіріп кеткен.
Қою түтін көзді ашыта бастағанына қарамастан ол өмірін қатерге тіге отырып, балаларды алып шыққан. Оның үстіне ол бұл пәтердің тұрғындарын жақсы білетін болып шықты, яғни үйде балалардың болуы мүмкіндігін де болжаған. Қара түтіншің ішінде Бейбіткүлдің айқайына 7 жастаға бала жауап берген.
Балаларды тауып алған соң оларды далаға алып шыққан. Артынан өрт сөндірушілерге хабар берген. Кейін мәлім болғанындай, балалардың анасы оларды аз уақытқа тастап мектепке кеткен. Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеді. Алайда көрші әйелдің жанкештілігі болмағанда, жағдайдың қалайша өрбуі мүмкіндігін ойлаудың өзі қорқынышты.
Алматы қалалық ТЖ департаменті тұрғындардың балаларына мұқият болып, оларды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмауға тырысу қажеттігін ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат