08.09.2018, 09:14

Бір адам қаза тапты: Түркістан облысында қарбыз егетін диxандар клиентке таласып атысты

Түркістан облысы Шардара ауданында дихандар клиент үшін таласып, атысқан деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше, яғни 7 қыркүйек күні Шардара ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

«Дихандар өзара клиентке бөлісе алмай, қару кезеңген. 1 адам қаза тапты. 2-еуі жараланды», - деп хабарлайды ведомстводағылар.

Іздеу барысында облыстың 2 тұрғыны ұсталды. Біреуінен мылтық табылған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мін-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz