$ 489.06  536.21  5.05

«Қазақфильм» мен «KIMEP» университеті жекеменшікке өтеді

Алдағы уақытта бірқатар ауруханалар мен университеттер, «Қазақфильм» киностудиясы 2020 жылға дейінгі жекешелендіру бағдарламасы аясында жекеменшікке өтпек деп хабарлайды egov.kz.

Жекеменшікке өтетін нысандар тізіміне қатысты өзгертулер жобасы 6 қыркүйекте жарияланған. Оған сәйкес, бірқатар министрліктер мен ведомстволар өздеріне бағынышты кейбір мекемелерді жекеменшікке өткізбек.

Осылайша, білім және ғылым министрлігі "КИМЭП" университетін, «Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін», «М.Нәрікбаев атындағы ҚМГЗ университеті» және т.б. жекенің қолына өткізбек екен.

Ал, мәденит және спорт министрлігі «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Президент істері басқармасы «Орталық клиникалық ауруханасын» жекешелендірмек. Ал, қаржы министрлігі «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» мен «Шымкент әуежайын» жекенің қолына өткізуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары