$ 490.84  536.88  5.04

Ақтауда қатты желден яхта жартасқа соғылды (ВИДЕО)

Ақтаудағы 4-шағын ауданда «Stalker» яхтасы қатты желден жартасқа кеп соғылды. «Бриз» яхта-клубының командирі Сергей Кулькин теңіз жағасында арнайы яхтаға арналған орын болса, бұндай жағдай болмайтын еді дейді.

Оқиға 8 қыркүйек күні таңертең болған. «Бриз» клубы мүшесінің айтуынша яхтада ешкім болмаған. Жапа шеккендер жоқ.

«Біз яхтаның иесіне хабарласа алмадық. Барынша өзіміз құтқарып қалуға тырыстық. Заттарын аман алып қалдық. Егер теңіз жағасында яхтаға арналған жабық орын болса, бұндай жағдай болмас еді», – дейді Сергей Кулькин.

Дереккөз: Lada.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары